Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгін Қазақстанның телекоммуникация саласы үшін тарихи күн. Біз алғаш рет – мобильді байланыстың бесінші буыны (5G) үшін радиожиіліктерге ашық аукцион өткізудеміз! Айқын және ашық түрде өтіп жатқан бәсекеде №1 лот бойынша (3600-3700 МГЦ жиілік) сауда-саттық аяқталды. Жеңімпаз - 62,669 млрд теңге қаржыға өтінім білдірді. Ал, екінші лот бойынша бәсеке ертең жалғасады, - деп жазды министр.
Бұл аукцион - ұлттық ресурстарға ашық қолжетімділікті және бәсекелік орта қалыптастырудың айқын мысалы. Бұдан бөлек, сауда-саттық бюджетті толықтыруға ықпал етеді.