5G қатерлі ісік пен аутизм тудыратыны рас па?

15 Қыркүйек 2021, 00:12
2121
Бөлісу:
5G қатерлі ісік пен аутизм тудыратыны рас па?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Желіде қазақстандықтар 5G технологиясына қатысты негізсіз пайыммен жаппай бөлісіп жатыр.

Желі қолданушылары көпті жаңа технологиямен күресуге шақыруда. Себебі бұл қатерлі ісік пен аутизмді тудырады-мыс. Бұл – жаңсақ ақпар, делінген stopfake.kz хабарламасында.

5G технологиясы - 24 ГГц және одан жоғары диапазондарда жұмыс істейтін ұялы байланыстың жаңа форматы. Бұл жаңа толқынның немесе радиацияның жаңа түрі емес. Бұл толқындарды Wi-Fi технологиялары, полиция радарлары, жер бетіндегі кейбір жерсеріктер және тағы басқалар қолданады.

5G технологиясын енгізу азаматтар арасында қатерлі ісік ауруының дамуына ықпал ету ықтималдығы өте аз. Бұл туралы Австралияның онкологиялық кеңесінің сайтында жазылған.

Зерттеулер көрсеткендей, бұл технологияның қатерлі ісік қаупінің жоғарылауына түк қытысы жоқ. Жоғарыда айтылғандай, 2019 жылдан бастап 5G желілері аутизм тудыруы мүмкін деген пайымдар үнемі жоққа шығарылып келеді.

Бүгінгі күнге дейін аутизмнің нақты себептері толық ашылмаған. Ешбір ғалым 5G технологиясы мен бұл аурудың арасында ғылыми зерттеулер жүргізген жоқ. Бұған дейін олар аутизмнің дамуын Wi-Fi технологиясымен байланыстыруға тырысты, бірақ ауқымды зерттеулер бұл теорияны жоққа шығарды.
 

Бұдан 5G қатерлі ісік пен аутизмді тудырады деген ақпараттың жалған екендігі шығады. Мұны растайтын сенімді ғылыми дәлел жоқ. 5G технологиясы біз қолданатын құрылғылармен бірдей радиотолқын диапазонында жұмыс істейді, мысалы радарлар, Wi-Fi маршрутизаторлары, жер бетіндегі спутниктер, - делінген хабарламада. 


 

Өзгелердің жаңалығы