Жыл басынан бері елімізде есірткі таратудың 56 фактісі анықталды

13 Тамыз 2019, 20:36
2411
Бөлісу:
Жыл басынан бері елімізде есірткі таратудың 56 фактісі анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының есірткі полицейлері шартты түрде «скорость» деп аталатын психобелсенді заттардың жаңа түрлерін өткізудің 3 фактісін анықтады. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу кезінде үш сатушыдан синтетикалық есірткінің бірнеше дозасы анықталып, тәркіленді.

Жоғарыда көрсетілген фактілер бойынша Қылмыстық Кодекстің 297-бабы (Есірткі заттарды, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Осы жылдың 5 шілдесінде бақылауға алынған есірткі заттарының тізімін жаңа психобелсенді заттармен барынша қысқа мерзімде толықтыруға мүмкіндік беретін заңнамаға түзетулер күшіне енді. Бұл тізімдер қазір барлық белгілі есірткілер мен сол тектестерді қамтиды.

2019 жылдың бірінші жартыжылдығында полиция синтетикалық есірткіні таратудың 56 фактісін анықтады, оның ішінде 28 есірткі өткізу фактісі. 2,6 кг жаңа психобелсенді заттар, оның ішінде 1 799 таблетка экстази тәркіленді.


Өзгелердің жаңалығы