55 мың тұрғыны бар қала жер астына түсіп, жойылуы мүмкін

Бүгiн, 07:17
190
Бөлісу:
55 мың тұрғыны бар қала жер астына түсіп, жойылуы мүмкін
Фото: видеодан кадр

Бразилиялық Амазонияның солтүстік-шығысында орналасқан Мараньян штатының Буритикупу қаласы жер астына түсіп барады, деп хабарлайды BAQ.KZ Газета.Ru-ға сілтеме жасап.

Қалада 55 мыңдай адам тұрады. Қазіргі уақытта опырылу салдарынан 1200-дей адамға үйсіз қалу қаупі төніп тұр. Бірнеше ғимарат бүлініп үлгерген.

Соңғы бірнеше айда опырылу көлемі геометриялық қарқынмен ұлғайып, тұрғын үйлерге жақындап келеді, - деп жазды жергілікті БАҚ.

Топырақтың опырылуы толассыз жауған жаңбырмен, сондай-ақ құрылыс жұмыстары және ормандарды отаумен байланысты. Буритикупу тұрғындары бұл жайтпен 30 жылдан бері күресіп келеді.

Өзгелердің жаңалығы