Қазақстанның соңғы жаңалықтары

53 млрд долларлық серіктестік: Қазақстан–Ресейдің ең ірі жобалары қандай?

22 Қараша 2025, 11:30
846
Бөлісу:
 BAQ.KZ  - архив
Фото: BAQ.KZ - архив

Соңғы бес жылда Қазақстан–Ресей экономикалық ынтымақтастығы аясында бірнеше стратегиялық маңызға ие бірлескен жобалар іске қосылды. Экономист Айбар Олжайдың айтуынша, Екі ел үкіметтері 2019 жылы өнеркәсіптік кооперацияның жол картасын бекітті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Экономист Айбар Олжай “15 минуттық экономикалық шолу” жобасында жоғарыда аталған жол картасына сәйкес 2025 жылға қарай жалпы 53 млрд доллардан асатын 171 бірлескен жоба портфелі қалыптасқанын мәлімдеді.

Бұл әу баста жоспарланған көлемнен алты есе көп. Ең ірі бірлескен жоба әрине КТК – Каспий мұнай консорциумы. Бұл Қазақстан экономикасының күретамыры. Мысалы, кішкентай бала түтікшемен сусын ішіп отыр дейік. КТК біз үшін осы түтікше. КТК құбыры арқылы қазақ мұнайы Ресейдің Новороссийск портына тасымалданады. Бұл маршрут Қазақстан экспортының 80 пайызын қамтиды. Өз кезегінде, Ресей де Қазақстан аумағы арқылы өз энергоөнімдерін тасымалдауды жоспарлап отыр. Қазір екі ел арасында Ресей мұнайын Қазақстан арқылы Қытайға транзиттеу көлемін жылына 7 млн тоннадан 10 млн тоннаға дейін ұлғайту жоспары іске асуда, - деп түсіндірді экономист.

Сондай-ақ ол бірқатар жаңа мұнай-газ кен орындарын бірлесіп игеру жөнінде келісімдер барын алға тартты.

Мәселен, "ҚазМұнайГаз" бен ресейлік "Лукойл" Каспий теңізіндегі Қаламқас-теңіз және Хазар кен орындарын бірге игеру туралы келісімге қол қойып, 2029 жылға дейін осы жобаларға шамамен 6 млрд доллар инвестиция тартуы тиіс еді. Бірақ санкция салдарынан бұл жобадан Лукойл айырылып қалды көзделіп отыр, - деді Айбар Олжай.

Сарапшының пайымдауынша, мұнай мен газдан бөлек, одан кейінгі ірі жобалар энергетикада саласында жасалған.

Екібастұз ГРЭС-2 электростанциясы Қазақстан мен Ресейдің ортақ жобасы болып табылады. Станция акцияларының 50%-ы ресейлік "Интер РАО" компаниясына тиесілі. Қазір Екібастұз ГРЭС-інің қуатын арттыру, жаңа энергоблоктарын салу жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар, 2023 жылдың соңында екі ел билігі Қазақстанның үш қаласында, Көкшетау, Семей, Өскеменде жаңа жылу электр орталықтарын салу туралы келісімдер жасасты. Бірақ «Интер РАО»-да осы жобаларға қатысты біршама қиындықтар бар сияқты. Шешсе, бірлесіп жасаймыз, болмаса қытайларға береміз. Атом энергетикасы бойынша өздеріңіз жақсы білесіздер. Балқаштағы іргелі станцияны Росатом салады. АЭС құрылысын 2035 жылға қарай аяқтау жоспарлануда, - деді сарапшы.

Айта кетейік, Қазақстан әлемдегі уранның ең ірі өндірушісі болса, Ресей оны байыту, ядролық отын өндірісі бойынша әлемде бірінші орын алып отыр.

Өзгелердің жаңалығы