50 мың теңгеден 5 млн теңгеге дейін: Ардагерлерге төлемақы беріледі

Бөлісу:
50 мың теңгеден 5 млн теңгеге дейін: Ардагерлерге төлемақы беріледі
Фото: - архив

Қарағанды облысының ардагерлері 5 млн теңгеге дейін төлемақы алады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысы Ерлан Ғалиевтің редакцияның сауалына берген жауабына сәйкес, Қарағанды облысында 3 240 ардагер тұрады, оның 9-ы Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылар (7 соғыс ардагері және 2 мүгедек).

Екінші дүниежүзілік соғыстың 9 қатысушысының әрқайсысына 5 миллион теңгеден төлем беріледі, - деді аппарат басшысы.

Тағы кім төлем алады:
• Концлагерь тұтқындары мен Ленинград блокадасы тұрғындарына – 200 мың теңге;
• Тыл еңбеккерлеріне – 100 мың теңге;
• Қаза тапқан сарбаздардың жесірлері мен әйелдеріне – 50 мың теңге.

Жеңістің 80 жылдығына дайындық аясында ардагерлер Қали Аманбаев пен Қамали Дүйсембековтың 100 жылдығына арналған іс-шаралар ұйымдастырылды.

Өзгелердің жаңалығы