50 мың пара алған шенеунік 1 млн айыппұл төлеп, жұмыстан қуылды

13 Ақпан 2020, 13:07
2172
Бөлісу:
50 мың пара алған шенеунік 1 млн айыппұл төлеп, жұмыстан қуылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі алаңында бір апта көлемінде болған сот істері бойынша ақпарат айтылды.

Павлодар облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұрын "Екібастұз қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ басшысы Ж.С. Ақболинге қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ол жеке үйге қосымша жер телімін рәсімдегені үшін 50 мың теңге пара алды деп күдікке ілінген болатын. Осыған байланысты 2020 жылдың 11 ақпанында Павлодар облысы Екібастұз қалалық сотының үкімімен Ақболинге 1 млн 250 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды, - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-бөлімінің аға тергеушісі Данияр Бигайдаров.

Осыған қоса, ол Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының бас маманы алаяқтық жасағаны үшін сотталғанын айтты.

Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұрын ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары Комитетінің "Су ресурстарын пайдалану және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының" бұрынғы бас маманы У. Алпысбаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ол алаяқтық жолмен жайылымдарды суландыру үшін ұңғыманы бұрғылауға рұқсат беретін "құжатты алуға жәрдемдесемін" деген сылтауымен кәсіпорын өкілінен 1 млн 275 мың теңге көлемдегі қаражатын иемденді деп күдікке ілінген. Айта кетейік, бұл қызмет түрі тегін беріледі. Осыған орай 2020 жылдың 11 ақпанында Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен У. Алпысбаев 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесіліп, мемлекеттік қызметті атқару құқығынан өмір бойына айырылды, - деді Агенттік тергеушісі.
Бұған дейін, жемқорлық фактілері туралы хабарлаған тұлғалар мемлекет қорғауында болады және олар туралы ақпарат құпия түрде сақталатыны хабарланды.
Өзгелердің жаңалығы