11 ақпанда Астанада тұрғын үйдің бірінде 5 жасар баланың бетін пышақпен тіліп кетті. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов оқиғаға қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Болған оқиғадан кейін Қазақстан қоғамы дұрыс қорытынды жасауы керек. Психикалық ауытқулары бар адамдарды қамауға алу – бұл жағдайдан шығатын жол емес, керісінше, кешенді тәсіл қажет, - деп ойлайды Аймағамбетов.
Депутат проблема жүйелі екенін айтты.
Біріншіден, қазір қылмыстық іс қозғалды. Екіншіден, мемлекеттік органдар мен үкімет жұмыс істеп жатыр, мен олардың кешенді шаралар қабылдайтынына сенемін. Себебі бұл мәселені тек қылмыстық қудалау арқылы немесе нақты бір оқиға бойынша шешу мүмкін емес, өйткені ол жүйелі сипатқа ие. Жалпы, осындай мәселелер туралы айтқанда, біз оларды анықтау, бақылау және қолдау көрсету жайында сөз қозғауымыз керек. Егер дамуында, психикалық денсаулығында мәселелері бар балалар туралы айтатын болсақ, өкінішке қарай, статистика олардың саны елімізде жылдан-жылға артып келе жатқанын көрсетіп отыр, - деді Асхат Аймағамбетов Мәжіліс кулуарында.