Қазақстанның соңғы жаңалықтары

5 теңге: доллар курсы қалай өзгерді?

10 Сәуір 2025, 17:40
1380
Бөлісу:
 Артём Чурсинов  - архив
Фото: Артём Чурсинов - архив

10 сәуірдегі сауда-саттық нәтижесінде Қазақстанда доллар бағамы қандай болғанын BAQ.KZ тілшісі хабарлайды.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 515,18 теңгені құрады, бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 5,26 теңгеге төмен. Айта кетейік, 10 сәуірге арналған Ұлттық банктің ресми бағамы – 520,48 теңге.

Kurs.kz деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау орындарында доллардың орташа сатып алу бағамы – 514,28 теңге, сату бағамы – 516,70 теңге. Елордадағы айырбастау орындарында АҚШ валютасы орта есеппен 513,02 теңгеден сатып алынып, 520,06 теңгеден сатылуда.

Өзгелердің жаңалығы