5 шілдеге арналған ауа райы болжамы

5 Шілде 2022, 07:51
1450
Бөлісу:
5 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 5 шілдеге Қазақстанның ауа райы болжамын ұсынды. Сейсенбі күні нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ, жел, шаңды дауыл күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, күндіз Павлодар облысының оңтүстігі, шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының шығысында, таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады.

Қызылорда, Абай облыстарының басым бөлігінде, Түркістан облысының солтүстігінде, шөлді аудандарында, Ұлытау облысының оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауып, найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Күндіз бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 9-14, екпіні 15-20 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +13+15°С, күндіз +18+20°С болады.

Алматы қаласында көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің күші 2-7, найзағай кезінде 13 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +20+22°С, күндіз +26+28°С болады.

Шымкент қаласында көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады. Батыстан жел соғады, күші 8-13, екпіні 15-20 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +16+18°С, күндіз +29+31°С болады.

Өзгелердің жаңалығы