5 қазаннан бастап елде қандай шектеулер қойылатыны белгілі болды

1 Қазан 2020, 17:03
36969
Бөлісу:
5 қазаннан бастап елде қандай шектеулер қойылатыны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде айтты.

Дәл қазіргі сәтте Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай тұрақталған. Бүгінде елде 107 979 вирус жұқтыру жағдайы тіркелген. ПТР тест нәтижесі бойынша соңғы тәулікте 71 адамнан вирус анықталған. Ем қабылдап жатқандар саны 3308, ал аурудан айығып шыққандар 102 937-ге немесе 95,3%-ға жетті. Өкінішке қарай, қаза болғандар саны – 1734, - деді ол.

Сонымен қатар, министр тамыз айының басынан бері елде 33 мыңға жуық коронавирус пневмониясы анықталғанын жеткізді. Оның 355-і қайтыс болған.

Елдегі жағдай тұрақталып, барлық өңір «жасыл аймақта» болғанына қарамастан, өзге мемлекеттердегі жағдайдың ушығып келе жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан Қазақстанға инфекция таралуының алдын алу мақсатында мекемеаралық комиссия осы жылдың 5 қазанынан бастап келесі шешімдерді бекітті:

- Өзге елдермен әуе қатынасын жаңғыртуды тоқтата тұру;

- Әуе қатынасы жаңғыртылған елдермен арадағы рейстер санын көбейтпеу;

- Түркия елі бағытындағы рейстер санын азайту.

Сонымен қатар екінші санаттағы елдерден келетін адамдар үшін термометрия, сауалнама, алынған күні үш тәуліктен аспайтын коронавирусты тексеру туралы анықтаманың болуы сияқты міндетті талаптар белгіленуі керек. Анықтама болмаған жағдайда, келгендер COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін стационарда екі тәулікке дейін оқшауланады, - деді Цой.

Айта кетейік, бүгінгі брифинг «ҚР ДСМ өзекті мәселелері: Пандемия кезіндегі медициналық көмектің қол жетімділігі» тақырыбы аясында өтті.

Өзгелердің жаңалығы