Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жалпыхалықтық республикалық референдумда дауыс беру өз мәресіне жетті. Қазақстанда 8 мың референдум учаскесінде дауыс беру аяқталды.
Бүгін республика бойынша азаматтар сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдумда дауыс берді.
Елдің 5 өңіріндегі уақыт айырмашылығына қатысты, атап өтетін болсақ, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және БҚО-дағы 1858 учаскеде дауыс беру елорда уақытымен 21:00-де аяқталады. Шетелде 48 учаскеде дауыс беру жалғасып жатыр, - деп хабарлады ОРК.
Енді нәтижені есептеу жүзеге асырылады.
Сағат 18:00-дегі жағдай бойынша дауыс бергендер саны 65,04% құрады.