5 өңірде дауылды ескерту жарияланды

25 Шілде 2022, 21:00
1342
Бөлісу:
5 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер еліміздің 5 өңірінде дауылды ескерту жариялады.

"Қазгидромет" мәліметінше, күндіз 26 шілдеде Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жезқазған қаласында күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Күндіз Қарағанды облысының оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Қызылорда облысының солтүстігінде түнде және таңертең найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Орал қаласында найзағай, бұршақ күтіледі. 

Ақтөбе облысының солтүстігінде күндіз қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады,найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 

Ақтөбе қаласында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 16 м/с.

Өзгелердің жаңалығы