5 наурызға арналған ауа райы болжамы

5 Наурыз 2019, 08:15
1733
Бөлісу:
5 наурызға арналған ауа райы болжамы

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, еліміздің басым аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерде жауын-шашын жауады, республиканың солтүстігінде қар жауады. Кей жерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел күшейеді.

Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, түнде Қарағанды облыстарының кей жерінде жел 15-23 м/с күтіледі, кей жерде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.

Ақтөбе облысының кей жерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын, жел 18 м/с, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман, Жамбыл, түнде Түркістан, Атырау облыстарының кей жерінде, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күтіледі, Атырау, Алматы облыстарының кей жерінде көктайғақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, жел 15-20 м/с күтіледі, жолдарда көктайғақ күтіледі.

Павлодар облысының кей жерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, жел 15-20 м/с, түнде кей жерде екпіні 23-28 м/с күтіледі. 
Өзгелердің жаңалығы