Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз ведомствоның дәстүрлі брифингінде айтты.
Нұрділдә Ораз алдын алу шара барысында анықталған жағдайларды айтты.13-19 қыркүйек аралығында елімізде «Жасөспірім» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Оның мақсаты-жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу, балалардың құқықтарын қорғау саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ оларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтың алдын алу, - деді Ораз.
Ораздың айтуынша, қадағалаусыз және панасыз қалғаны үшін бейімдеу орталықтарына 260-тан астам кәмелетке толмаған бала орналастырылды.Бір апта ішінде ата-анасының қарауынсыз түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болған 4,6 мың кәмелетке толмаған анықталды, жасөспірімдердің 360-тан астам бұзақылық және 130-ға жуық алкогольдік ішімдіктер ішу және мас күйінде болу деректері анықталды, - деді ол.
Әлеуметтік жағдайы нашар отбасылардан шыққан балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді атқармайтын 600-ден астам ата-ана анықталып есепке алынды, олардың 500-ден астамы өз құқықтарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оқу орындарындағы профилактикалық жұмыстарға ерекше көңіл бөлінді. 5 мыңнан астам мектеп пен 600 колледж қамтылды, - деді Нұрділдә Ораз.