Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Вице-министр кәсіпкерлік бастамаларды қолдау тетіктері-бизнес-идеяларды құруға және дамытуға 2,5% гранттар мен микрокредиттер беру мәселесіне тоқталды.
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде бизнес идеяларды іске асыру үшін гранттар алуға бірінші лек бойынша өтінімдер қабылдау басталды. Бірінші ағын аясында 2,6 мыңға жуық грант беру жоспарлануда. Жалпы 2023 жылы 9 мың адам грант алады. Оған 12,4 млрд теңге қарастырылған, - деп атап өтті ведомство басшысы.
Айтуынша, грант сомасы 400 АЕК-ке дейін болады. Ал оған халықтың әлеуметтік осал санаттарының өкілдері қатыса алады. Қатысуға өтінімді business.enbek.kz порталы арқылы онлайн режимде беруге болады.
Әсіресе жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау үшін биыл 2,5% жеңілдікпен несиелеу іске қосылды. Оған 29 млрд теңге бөлінді, бұл 5,8 мың адамды қамтуға мүмкіндік береді. Қарыздың ең жоғары сомасы – 5 млн теңге. Несиелеу мерзімі мал шаруашылығын қоспағанда, кез келген мақсат үшін 5 жылға дейін болуы мүмкін. Бұл қызмет бағыты үшін 7 жылға дейін болады, - деді Олжас Ордабаев.
Айта кетерплігі, кредиттер конкурстық комиссияның шешімі негізінде «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ арқылы берілетін болады.