5 кандидатқа жоғары мемлекеттік аудитор біліктілігі берілмеді

21 Қараша 2023, 17:40
476
Бөлісу:
5 кандидатқа жоғары мемлекеттік аудитор біліктілігі берілмеді
Фото: Ғазиз ШАКИРОВ - архив

Жоғары аудиторлық палатада (ЖАП) мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Отырысқа ЖАП, Тексеру комиссиялары, орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдар, сондай-ақ өзге ұйымдар жұмыскерлерінің және жеке тұлғалар ішінен 24 кандидат қатысты.

Отырыс қорытындысы бойынша 9 кандидатқа мемлекеттік аудитор біліктілігі берілді, 7 кандидатқа жоғары санатты мемлекеттік аудитор біліктілігі.

Сонымен қатар 3 кандидатқа мемлекеттік аудитор біліктілігін беруден бас тартылды, 5 кандидатқа жоғары мемлекеттік аудитор біліктілігін беруден бас тартылды.

Өзгелердің жаңалығы