5 айда өнеркәсіп өндірісі көлемі 4,8%-ға өсті

9 Маусым 2020, 11:04
1297
Бөлісу:
5 айда өнеркәсіп өндірісі көлемі 4,8%-ға өсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР  Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов бүгін өткен Үкімет отырысында биылғы 5 айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 4,8%-ға өсіп, 13 өңірде оң нәтиже болғанын мәлімдеді.

Елімізде биылғы 5 айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 4,8%-ға өсті. 13 өңірде оң нәтиже көрсетті. Тау-кен өндіру секторында түсті кендерді өндіру "Қазақмыс" корпорациясында» (+0,4%), "Қазхром" трансұлттық компаниясы" акционерлік қоғамында (+5%), "Қазақстан алюминийі" кәсіпорнында (+25%) кен өндіру көлемінің артуы есебінен 3,3%-ға өсті. Темір-кен өндіру өткізу нарықтарын дәстүрлі елдерден Қытай нарығына қайта бағдарлау, сондай-ақ "Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі" акционерлік қоғамы (+5,4%), "Өркен" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (+14%), "Bapy Mining" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (+9%) кәсіпорындарында кен өндіру көлемінің артуы есебінен 8,9%-ға өсті, - деді ол.

Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, көмір өнімдерін тұтыну көлемінің артуына байланысты көмір өндіру көлемі 102,9%-ды құраған.

Өңдеу өнеркәсібінде нақты көлем индексі түсті металлургия (+6,6%), фармацевтика (+21,2%), жеңіл өнеркәсіп (+10,8%), машина жасау (+18,5%) және басқа да салалар есебінен 4,9%-ға өсті. Түсті металлургияда тазартылған мыс өндірісі 17%-ға, алтын құймалары 21%-ға, түйіршіктердегі күміс 23%-ға, мыс сымдары 7%-ға және басқа да көрсеткіштердің өсуіне байланысты нақты көлем индексі 6,6%-ға артты. Қара металлургияда нақты көлем индексі 97,6%-ды) құрады. Бұл көрсеткіш болат өнімі көлемінің 8%-ға, рельстердің 13%-ға, болат құбырлардың 41%-ға төмендеуіне байланысты болды. Химия өнеркәсібінде өндіріс көлемі 2,2%-ға  төмендеді. Пештің мамыр айына дейін күрделі жөндеуге тоқтатылуына байланысты "Қазфосфат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өндіріс көлемі қысқарды, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы