5 айда машина жасау өндірісінде 21,1% өсім тіркелді

13 Шілде 2021, 03:25
5642
Бөлісу:
5 айда машина жасау өндірісінде 21,1% өсім тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы қаңтар-мамырда машина жасау саласындағы өндіріс көлемінің өсімі 21,1%-ға тең.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (ИИДМ) мәліметінше, биыл 5 айда машина жасауда өндіріс көлемі 21,1%-ға артқан.

Өндіріс көлемінің артуы: автокөлік құралдарының, трейлерлер мен жартылай тіркемелердің – 26,4%, өзге де көлік құралдары – 54,9%, басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар – 36,3%, электр жабдықтары – 8,5%, компьютерлер, электронды және оптикалық жабдықтар – 46,9%, машиналар мен жабдықтарды жөндеу жұмыстары – 4,2% салаларында өсім байқалған, - деп жазылған ИИДМ таратқан хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы