5 ауылдық елді мекен сапалы ауыз суға қол жеткізді - министрлік

19 Қазан 2023, 15:45
748
Бөлісу:
5 ауылдық елді мекен сапалы ауыз суға қол жеткізді - министрлік

Су ресурстары және ирригация министрлігі биыл Ақмола, Алматы, Атырау, Ұлытау, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында 34 жобаны іске асырып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Аталған іс-шаралардың аясында 158 елді мекенде сумен қамтамасыз ету және су жүйесін жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде 450 мыңнан астам тұрғын сапалы ауыз суға қол жеткізеді. Жобалардың аяқталу мерзімі 2024-2025 жылдарға жоспарланған.

Айта кету керек, 2021-2022 жылдары Ақмола, Ақтөбе, Қызылорда, Ұлытау және Солтүстік Қазақстан облыстарында топтық су құбырларын салу және реконструкциялау бойынша 7 нысан пайдалануға берілді. Сондай-ақ, Ұлытау облысындағы 1 нысан бойынша сынақ режимінде сапалы ауыз су беріле бастады.

Аталған жұмыстардың нәтижесінде 800 шақырымнан астам су желісі салынды. 203 мың халқы бар 51 ауылдық елді мекенде және Сәтбаев, Макинск және Жезқазған қалаларында сумен жабдықтау сапасы жақсарды. 6 мыңға жуық тұрғыны бар 5 ауылдық елді мекен сапалы ауыз суға қол жеткізді,- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Өзгелердің жаңалығы