Қазақстанның соңғы жаңалықтары

5 адамнан тұратын қылмыстық топ әшкереленді

Бүгiн, 03:57
145
Бөлісу:
 polisia.kz
Фото: polisia.kz

Атырауда онлайн есірткі саудасымен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау облысы прокуратурасының үйлестіруімен облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Telegram әлеуметтік желісінде заңсыз есірткі интернет-дүкенін ашып, Атырау қаласы аумағында есірткі құралдарын таратумен айналысқан қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылды.

Тексеру барысында 32 жастағы күдікті интернет-дүкенді басқарып, өзінен басқа заңсыз қызметке 5 адамды тартқаны анықталды. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды. Күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғалып, кешенді тергеу амалдары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы