Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен жылы 5,8 млн теңгеге 1319 жалған ақша белгісі анықталды, деп жазады 7kun.kz.
Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 6%-ға қысқарғаны. 2018 жылы 1408 дана — 6,4 млн теңгеге көлемінде жалған ақша анықталған.
Ұлттық банктің мәліметінше, өткен жылы анықталған жалған ақша белгілерінің жалпы көлемінен 1313-і — банкноттар, ал алтауы – монеталар.
Алаяқтар көбінесе номиналды құны 2 мың теңге болатын купюраларды қолдан жасаған — 420 дана. Бұл анықталған жалған ақшалардың 32%-ы.
Одан кейін номиналы 5 мың теңге – 395 дана (30%) және 10 мың теңге – 283 дана (22%). Қалған 16% басқа номиналдарға тиесілі, деп түссіндірді Ұлттық банкте.
Ведомствоның деректеріне сәйкес, өңірлік бөліністе анықталған жалған купюралардың саны бойынша қаржы орталығы Алматы көш бастады: 937 дана (71%). Екінші орында Шығыс Қазақстан облысы — 106 дана, ал үшінші орында – Нұр-Сұлтан: 104 дана.