5-10 жылда етті қолмен жеуді ұмытамыз – Берік Әбдіғалиұлы

18 Наурыз 2021, 17:18
3407
Бөлісу:
5-10 жылда етті қолмен жеуді ұмытамыз – Берік Әбдіғалиұлы

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Рухани даму және ұлттық дәстүрлерді сақтау» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде Мәжіліс депутаты Берік Әбдіғалиұлы қоғамда кейбір әдет-ғұрпымыз экзотикаға айналып келе жатыр деген ой айтты.

Алашордашылар кезінде Жапонияны бекерден бекер мысалға келтірмеген. Жапонияның негізгі қағидасы – ұлттық құндылықтарын сақтай отырып әлемдегі озық үрдістерді бойына сіңіріп алды. Өзінің салтын берік сақтады. Ұлттық құндылығын сақтау арқылы үлкен дәрежеге жетті. Әлемдік мәдениет ұлттық мәдениеттен құралады, - деді Берік Әбдіғалиұлы. 

Ол осы тұрғыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы көптеген өзекті мәселені көтерді. Дәстүрімізді білу жеткіліксіз, оны қорғауымыз керек деп айтты.

Қазіргі уақытта үлкен өзгерістер үстіндеміз. Қоғам ортасында кейбір әдет-ғұрпымыз экзотикаға айналып келе жатыр. Біздің көз алдымызда трансформация жүруде. Қарапайым қонақ шақырып, қойдың басын көрсетсек болды, балаларымыз шошиды. Көзі мен құлағын же деп айтсаң да тыңдамайды. Қазір тіпті тамақты қолмен жеуден қалдық. Бұл ыңғайсыздыққа айналды. Соған қарасақ, біз  5-10 жылда етті де қолмен жеуді ұмытамыз. Мұны мойындауымыз керек, - дейді депутат. 

Олжас АДАЙ

 

 

Өзгелердің жаңалығы