49 жастағы әйел ауыр жағдайда тікұшақпен Өскеменге жеткізілді

18 қыркүйекте ҚР ТЖМ "Қазәуеқұтқару" АҚ тікұшағы санитарлық авиация желісі бойынша Бұрлы ауданының 49 жастағы тұрғынын шұғыл эвакуациялады. Әйел аудандық ауруханада ауыр жағдайда жатқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 ТЖМ баспасөз қызметі 18 Қыркүйек 2025 2025, 22:48
18 Қыркүйек 2025 2025, 22:48
759
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

18 қыркүйекте ҚР ТЖМ "Қазәуеқұтқару" АҚ тікұшағы санитарлық авиация желісі бойынша Бұрлы ауданының 49 жастағы тұрғынын шұғыл эвакуациялады. Әйел аудандық ауруханада ауыр жағдайда жатқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Министрлік мәліметінше, науқас тар бейінді мамандардың көмегін алу үшін облыс орталығындағы көпсалалы ауруханаға жеткізілген.

Экипаж бен медициналық бригаданың үйлесімді жұмысының арқасында тасымалдау уақыты едәуір қысқарып, емнің сәтті аяқталу мүмкіндігі артты, - делінген хабарламада.

Наверх