Қарағанды облысында 481 жұмыссыз азамат қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бағдарламасынан өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қарағанды облысында 22 сәуірден бастап білім беру ұйымдары мен оқу орталықтарында қысқа мерзімді кәсіптік оқыту басталды.
Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпараты бойынша курстарда 250 адам жаңа мамандық алады. Бар-жоғы қысқа мерзімді курстарда 481 адамды оқыту көзделіп отыр.
Бұл жолы оқыту аспаз, шаштараз, тігінші, слесарь-жөндеуші, тігінші-пішуші, бухгалтер-кассир, құрастырушы, электр газбен дәнекерлеуші, 1С операторы, бағдарламашы, маникюр шебері және басқа мамандықтар бойынша жүргізіледі. Олардың барлығы жұмыс берушілердің тапсырысынан қалыптасады.
Басқаларына қарағанда маникюр және шаштараз шеберлігі көбірек сұранысқа ие болды. Содан кейін жұмыссыздардың көбі аспаз оқуын таңдады, және де көп таңдалған мамандықтар тізімінде веб-шебер және веб-дизайнер бар. Полиграфиялық жабдықтарды реттеуші және түптеу шеберлігін үйренуге ниет білдіргендердің саны аз болды.
Кәсіптік оқытудың ұзақтығы біліктілік пен дағдылардың ерекшеліктеріне қарай 3 айдан 6 айға дейін созылады. Студентке стипендия – айына 32 681 теңге, жол жүру үшін өтемақы – 4 АЕК (14 768 теңге), сондай-ақ жатын орын төлемі – 10 АЕК (36 920 теңге) беріледі. Қысқа мерзімді кәсіптік курстарда білім алушы сондай-ақ мемлекет есебінен медициналық тексеруден өтеді – 2 АЕК (7384 теңге), - делінген хабарламада.
Оқу аяқталғаннан кейін мемлекеттік бағдарламаға қатысушы жұмыс берушіге тұрақты жұмыс орнына орналастырылады.
Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының Мансап орталықтарында қысқа мерзімді курстарға өтінімдер қабылдау жалғасуда.
Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпараты бойынша