Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанның тағы бірнеше облысында дабылды ескерту жариялады.
"Күндіз 17-19 шілдеде Қызылорда, күндіз 18-19 шілдеде Маңғыстау, Қарағанды, Ақтөбе, Түркістан облыстарының кей жерлерінде 40-45 градус өте қатты ыстық күтіледі", - делінген таратылған хабарламада.
Күндіз 17 шілдеде Қостанай облысында кей жерлерінде 35 градус қатты ыстық, солтүстіктен соққан жел кей жерлерде 18 м/с күтіледі.
Барлық аймақта дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.
Бұған дейін бүгін Солтүстік Қазақстан облысында күші 15-20 м/с болатын жел соғатыны, сондай-ақ 17 шілдеде найзағай ойнап, тұман басуы мүмкін екені ескертілген болатын.