45 өндіруші жылқы етін Жапонияға жеткізуге дайын – Сауда министрі

16 Қаңтар 2024, 13:55
642
Бөлісу:
45 өндіруші жылқы етін Жапонияға жеткізуге дайын – Сауда министрі
Фото: Үкімет

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қазақстан Жапонияға ет экспорттауға дайын екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Брифиггте БАҚ өкілі министрге Арман Шаққалиевке "Жапонияға жылқы еті экспорттала ма? Жапондар жылқы етін жей ме" деген сұраққа жауап берді.

Жапондар жылқы етін жейді. Бізде 45-тен астам өндірушілер бар. Олар жылқы етін жіберуге дайын. Қазіргі таңда бұл туралы әріптесіме ақпарат бердім, дайындығын көрсеттім. Логистика жағынан Қытай арқылы жеткізуге болады. Тек қана Жапониядан бізге сұраныс керек, – дейді ведомство басшысы.

Бұған дейін сауда министрі Арман Шаққалиев жапон экономика, сауда және өнеркәсіп вице-министрі Ресукэ Кодзукимен кездесуде ауыл шаруашылығы өнімдерін, әсіресе, жылқы етін жеткізуде үлкен мүмкіндіктер барын айтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы