4,3 млн теңге жымқырған есепші ұсталды

2 Шілде 2022, 17:34
1595
Бөлісу:
4,3 млн теңге жымқырған есепші ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына қаладағы ЖШС-лардың бірінің басшысы хабарласты.

Өз сөзінде ол кәсіпорынның бұрынғы есепшісі пайда табу мақсатта қызметтік жағдайын пайдаланып, ақша жымқырғанын жеткізді.

Соның салдарынан ЖШС-ға 4 300 000 теңгеден астам материалдық залал келтірілген. Жедел-іздестіру шараларын жүргізген криминалдық полиция қызметкерлері 31 жастағы күдіктіні ұстады. Жауап алу кезінде әйел адам өз кінәсін мойындады, – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта ол қолхатпен босатылды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 189-бабы 2-бөлігіне (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Өзгелердің жаңалығы