42 градусқа дейін аптап ыстық болады. Сегіз өңірде дауылды ескерту жарияланды

23 Маусым 2022, 07:40
1404
Бөлісу:
42 градусқа дейін аптап ыстық болады. Сегіз өңірде дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23 маусымда Қазақстанның сегіз өңірінде аптап ыстық әрі төтенше өрт қаупі сақталуына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

23 маусымда Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында найзағай ойнап, күндіз батысында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысы мен шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с құрайды. Талдықорғанда күндіз 36 градусқа дейін ыстық болады. Қонаевта күндіз 36 градусқа дейін қатты ыстық болады.

Күндіз Қостанай облысының оңтүстігінде 40 градусқа дейін аптап ыстық болады деп күтіледі.

Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, күндіз 23-25 маусымда облыстың басым бөлігінде 37 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Жезқазғанда 23-25 маусым күндері 35-37 градус ыстық болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді, күндіз облыстың басым бөлігінде 37 градусқа дейін қатты ыстық болады деп күтіледі.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында шығыстан жел соғады, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді, күндіз 38 градусқа дейін қатты ыстық болады, ал облыстың шығысында сынап бағаны 41 градусқа дейін көтеріліп, төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с, күндіз 36-38 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде соққан желдің екпіні 18 м/с жетеді, күндіз өңірдің солтүстігінде 40-41 градусқа дейін аптап ыстық болады. Ақтөбеде күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі.

Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, дауыл тұрады деп күтіледі. Таулы аудандарда оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Қызылорда облысында 42 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз 40 градусқа дейін аптап ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы