42 градус ыстық: 18 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Бөлісу:
42 градус ыстық: 18 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Фото: архив

«Қазгидромет» синоптиктері 8 тамызда Қазақстанның 18 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында, орталығында 35-36 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұрщақ, дауыл күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қостанай облысының батысында, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Атырау облысының солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыста жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының шығысында, қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың орталығында күші 23 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 40-42 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Астанада күндіз найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының орталығында, солтүстік-шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында, күндіз облысың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады облыстың оңтүстігінде, орталығында екпін 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысының басым бөлігінде 40-42 градус қатты ыстық күтіледі.

Шымкентте күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі.

Павлодар облысының шығысында қатты жаңбыр, бұршак, дауыл, облыстың шығысында, оңтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық сақталады. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысының басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады.

Алматыда күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы