42 500 теңге. Өтініштер 1 қыркүйекке дейін қабылданады

16 Шілде 2020, 15:05
2870
Бөлісу:
42 500 теңге. Өтініштер 1 қыркүйекке дейін қабылданады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Өтініштер 1 қыркүйекке дейін қабылданады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн баспасөз конференциясында айтты.

Біржолғы төлем қатаң карантиндік шектеу шараларының енгізілуіне байланысты табыстан толық айырылу фактісі жоқ адамдарға, жұмыс берушінің, жеке кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның немесе азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша табыс алатын жеке тұлғаның қызметі қатаң карантиндік шектеу шараларының енгізілуімен шектелмеген жағдайда төленбейді, - деді ол. 

Нұрымбетов толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріндегі адамдарға біржолғы төлем алушының жоғалған табысы қалпына келтірілген жағдайда тағайындалмайтынын айтты.

Бұл төлем біржолғы, яғни шілде айына ғана төленеді. Алайда, өтініштерді қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады, – деді Біржан Нұрымбетов.

Бұған дейін еңбек министрі 42 500 теңгені алудың тәртібін қайта түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, "студенттер әлеуметтік төлем ала ма" деген сауалға жауап берді.
Өзгелердің жаңалығы