42 500-ден ешқандай салық ұсталмайды

13 Сәуір 2020, 13:08
2498
Бөлісу:
42 500-ден ешқандай салық ұсталмайды

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ҚР президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында 42 500 теңге есепшотқа толығымен түсетінін айтты.

42 500 теңгеден ешқандай салық, зейнетақы төлемдері, несие қарыздары, коммуналдық қызмет қарыздары ұсталмайды. Төлем толығымен есепшотыңызға түседі. Бір отбасынан 3-4 адам алуға бола ма деген де сауалдар келіп жатыр. Мұнда тағы айтарым, бастысы, төтенше жағдайға дейін ресми, бейресми жұмыс істеп, табыс тауып, салық төлеп жүрсе, барлық талапқа сай келіп тұрса, бір үйден бірнеше адамның бұл төлемді алуына кедергі жоқ,-деді министр.

Министрдің айтуынша, декреттегі әйелдерге қатысты  төлем алу бойынша арнайы санат жоқ. Тәртіп баршаға ортақ. 
Тек декреттегі әйелдерге қатысты бір ерекшелік, оларға бір жылға дейін мемлекет тарапынан жәрдемақы төленеді. Бала бір жастан асқан соң не істейміз деген сұрақ туындауда. Бұл жерде айтарым, мұндай әйелдер өзі жұмыс істеген орнынан декретке шықты, үш жылға дейінгі мерзімде ақысыз демалыста жүр делік. Мұндай жағдайда біз оларға өзін-өзі қамтыған азамат ретінде бірыңғай жиынтық төлем жасауға рұқсат береміз. Себебі, оның баламен отырғанына 12 ай болды, заң бойынша салықты мекеме де төлемейді. Сондықтан, декретте жүрген, балалары бір жастан асқан аналар, БЖТ-ді бір рет төлеп, өтініш бере алады,-деді ол.

Өзгелердің жаңалығы