400 мыңға жуық адам атаулы әлеуметтік көмек алды

15 Тамыз 2024, 15:49
356
Бөлісу:
400 мыңға жуық адам атаулы әлеуметтік көмек алды
Фото: Еңбекмині баспасөз қызметі

2024 жылғы 1 тамызда 372 мыңға жуық азаматқа атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 70,2 мың отбасындағы 371,9 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындалды. Биыл осы мақсатқа бюджеттен 60,5 млрд теңге қарастырылған.

Бұрын хабарланғандай, АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.

АӘК мыналарды көздейді:

- табысы өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70% - нан аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;

- табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК (5 538 теңге) мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. 2024 жылғы 1 тамызда АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 115,4 мың балаға 3,3 млрд теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды;

- жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және өзге де тәсілдер арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкімі сондай-ақ Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.

Өзгелердің жаңалығы