40 градусқа дейін ыстық болады – шілде айына ауа райы болжамы

1 Шілде 2022, 13:33
6430
Бөлісу:
40 градусқа дейін ыстық болады – шілде айына ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шілденің бірінші онкүндігінде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстаның батысында айдың басында, ал қалған өңірлерде бірінші онкүндіктің ортасында ауа райы жауын-шашынды, оқта-текте нөсер жауын жауады.

Бұл кезеңде Солтүстік теңіз аудандарынан суық ауа массаларының ығысуына байланысты елдің солтүстік жартысында түнде +5+13°С, күндіз ауа температурасы +18+28°С-тан +12+17°С-қа дейін төмендейді. Республиканың оңтүстік жартысында түнде сынап бағанасы +20+25°С-тан +12+20°С-қа дейін, күндіз +30+38°С-тан +23+30°С-қа дейін түседі.

Бірінші онкүндіктің соңы мен екінші онкүндіктің басында аптап ыстық қайта оралады.

Күндіз ауа температурасы:

оңтүстік-батыс жартысында – +30+40°С;
солтүстікте, орталықта және шығыста +25+33°С дейін көтеріледі.

Айдың ортасында ауа температурасы тағы төмендейді. Республиканың басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады. Оңтүстік және батыс өңірлерде шаңды дауыл тұрып, жел күшейеді.

Айдың екінші жартысында ауа температурасы құбылады:
елдің оңтүстік жартысында түнде +15+20°С-тан +18+25°С-қа дейін,
күндіз +25+30°С-тан +35+42°С-қа дейін;
солтүстік жартысында түнде +10+15°С-тан +15+20°С-қа дейін,
күндіз +20+28°С-тан +28+35°С-қа дейін.

Өзгелердің жаңалығы