4 қазанда бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

Бірқатар өңірде жаңбыр, қар, тұман және жел күтіледі

 pixabay 3 Қазан 2026, 21:22
3 Қазан 2026, 21:22
218
Фото: pixabay

«Қазгидромет» синоптиктері 4 қазанда бірнеше өңірде дауылды ескертуді жариялады. Синоптиктер Шымкентте, Алматы тауларында және Қазақстанның барлық 17 облысында қолайсыз ауа райы құбылыстары болатынын ескертті.

Шымкентте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Түркістан облысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қатты жаңбыр жауады. Желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Батысы, солтүстігі, оңтүстігі мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматыда, Іле Алатауының тауларында, Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында кей уақытта желдің екпіні 16-21 м/с болады.

Алматы облысының батысы, оңтүстігі, шығысы және таулы аудандарында кей уақытта желдің екпіні 16-21 м/с-қа жетеді. Солтүстігі, батысы, шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаевта кей уақытта желдің екпіні 16-21 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында, Алакөл көлдері маңында желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с болады. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде күндіз жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Батысы, солтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с-қа дейін жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда желдің екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстік-батысы, шығысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, батысы, солтүстігі мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысының шығысы мен солтүстігінде жаңбыр, найзағай, шквал және шаңды дауыл күтіледі. Солтүстігі, батысы мен орталығында желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз 23 м/с-қа дейін жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 °C аяз күтіледі. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады, солтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі бар. Қызылордада түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының батысы мен солтүстігінде түнде көктайғақ болады. Шығысында жоғары өрт қаупі, батысы, оңтүстігі, солтүстік-шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының батысы мен таулы аудандарында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жаңбыр, найзағай, ал батысы, оңтүстігі мен таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ және шквал күтіледі. Оңтүстік-батысы, солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с болады. Батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, оңтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, таңертең және күндіз желдің екпіні 15-20 м/с болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде түнде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын, күндіз жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең оңтүстігінде тұман болады. Солтүстігі, батысы мен оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с-қа дейін жетеді. Облыста жоғары өрт қаупі, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда күндіз желдің екпіні 15-18 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының батысы, солтүстігі, оңтүстігі мен орталығында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады, ал солтүстігі, оңтүстігі мен орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі. Павлодарда желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының батысы, солтүстігі мен орталығында жауын-шашын, негізінен жаңбыр жауады. Түнде және таңертең солтүстігі мен орталығында тұман болады. Батысы, солтүстігі мен орталығында желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с-қа дейін жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда күндіз желдің екпіні 15-18 м/с болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман болады. Күндіз батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с-қа дейін жетеді. Оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда жаңбыр және қар жауады, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында түнде және таңертең тұман болады. Солтүстігі, оңтүстігі мен орталығында желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз 25 м/с-қа дейін жетеді. Солтүстігі мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде таңертең және күндіз желдің екпіні 15-18 м/с болады.

Абай облысының шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Батысы, солтүстігі мен орталығында желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз 25 м/с-қа дейін жетеді. Солтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі, солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде таңертең және күндіз желдің екпіні 15-20 м/с болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман болады. Петропавлда да түнде және таңертең тұман күтіледі.

Наверх