Елдің ірі қалалары – Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қандай бағаммен сатылып, сатып алынатыны белгілі болды.
Kurs.kz мәліметінше, Астанадағы айырбастау орындарында тұрғындар долларды орта есеппен 445,00 теңгеден сата алады, ал 452,00 теңгеден сатып алады. Еуро 501,97 теңгеден қабылданып, 511,97 теңгеден сатылады. Ресей рублін айырбастау орындары 5,14 теңгеден сатып алып, 5,34 теңгеден сатуда.
Алматыда долларды орта есеппен 449,14 теңгеден сатуға, ал 451,97 теңгеден сатып алуға болады. Еуро 503,87 теңгеден қабылданып, 508,70 теңгеден сатылып жатыр. Ресей рублін 5,08 теңгеден өткізіп, 5,21 теңгеден сатып алуға болады.
Шымкенттегі айырбастау орындарында доллар 449,25 теңгеден қабылданып, 451,55 теңгеден сатылуда. Еуроны 504,35 теңгеден сатуға, 510,10 теңгеден сатып алуға болады. Ресей рублі 5,12 теңгеден қабылданып, 5,18 теңгеден сатылып жатыр.
Қазақстан Ұлттық банкінің бүгінгі ресми бағамы: 1 доллар – 447,73 теңге, 1 еуро – 502,98 теңге, 1 рубль – 5,35 теңге.