4 пайыздық автонесие бағдарламасы тоқтатылуы мүмкін

20 Маусым 2023, 10:54
1716
Бөлісу:
4 пайыздық автонесие бағдарламасы тоқтатылуы мүмкін
VIDEO
Фото: Арман Мухатов

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасының қаржысы елдегі қоғамдық көліктерді жаңартуға бөлінбек. Бұл туралы Ақордада Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі таңда қаражат жиналды. Жеңілдетілген автонесиеден түскен қаражатты мемлекеттік көліктерді несиелендіруге қайта бағыттау мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Біз бірқатар облыста болдық. Әкімдік өкілдері автопаркті несиелендіру мәселесін көтеруде, - деді Марат Қарабаев.

Оның атап өтуінше, Қостанайда қоғамдық көліктердің 90 пайызы тозған, ал Талдықорған мен Оралда 70 пайызға жетіп отыр.

Қолда бар қаражатты барынша тиімді пайдалану міндеті тұр. Осыған байланысты біз қаражатты жеңілдетілген автонесиелерге - қоғамдық көлікті несиелендіруге бағыттау мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Өйткені қоғамдық көлікті күнделікті 9,3 миллион қазақстандық пайдаланады. Біз үшін олардың қажеттіліктеріне басымдық береміз, - деді министр.

"Енді қазақстандықтар жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша көлік ала алмай ма сонда?" деп сұрады журналист.

Енді қаражат қоғамдық көлікті қаржыландыруға бөлінеді, - деп түйіндеді Қарабаев.

Өзгелердің жаңалығы