4 облыстың 10 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылды

4 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 10 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Архив BAQ.KZ 21 Қаңтар 2024 2024, 14:34
21 Қаңтар 2024 2024, 14:34
834
Фото: Архив BAQ.KZ

4 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 10 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақтөбе облысында - 2 учаске

«Ақтөбе-Атырау-Астрахань» 255-330 км, Қарауылкелді ауылы - Атырау облысының шекарасы - 75 км.

«Ақтөбе-Атырау-Астрахань» 185-255 км, Шұбаркұдық ауылы - Қарауылкелді ауыл – 70 км.

(бұрқасын, шектеулі көрініс)

Жамбыл облысында - 1 учаске

«Алматы-Ташкент-Термез» 159-238 км, Кенен ауылы Қайнар ауылы - 79 км.

(қар аралас жаңбыр, екпінді жел, тұман, шектеулі көрініс).

Жетісу облысында – 1 учаске

«Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма станциясы -Достық станциясы – 100 км.

(тұман, шектеулі көрініс).

Батыс Қазақстан облысында – 6 учаске

«Орал-Тасқала-РФшек.» 4-104 км, Орал қаласы - РФ шекарасы – 100 км.

«Атырау-Орал» 375-492 км, Чапаево ауылы - Орал қаласы – 117км.

«Чапаево-Жалпақтал-Казталовка» 0-213 км, Чапаево ауылы - Казталовка ауылы – 213 км.

«Казталовка-Жәнібек-РФ шекарасы» 0-158 Казталовка ауылы - Жәнібек ауылы – 158км.

«Подстепное-Федоровка РФ шекарасы» 0-36 км, Подстепное ауылы - Федоровка ауылы – 36 км.

(екпінді жел, бұрқасын, шектеулі көрініс).

6.«Самара-Шымкент» 195-246 км, РФ шекарасы - Орал қаласы – 51 км.

(РФ ауа-райының қолайсыздығына байланысты).

Осы уақытта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 289 бірлік техника және 460 жолшы жұмылдырылды,-делінген хабарламада.

Наверх