Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов қосымша гранттар тағайындалатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, орталық 15 қазанға дейін тағы 4 мыңнан астам отбасын қуантпақ.
Оларға Үкімет қаулысы шыққаннан кейін қосымша гранттар тағайындалады. Педагогикалық ғылымдар, АКТ, инженерлік, өңдеу мен құрылыс салалары, ауыл шаруашылығы және биоресурстар мамандықтары қамтылады, - деді Дидар Смағұлов.
Айта кетейік, Ұлттық тестілеу орталығы барлық бейнежазбаны талдаудан өткізгеннен кейін ҰБТ-да жоғары ұпай алған 5 түлектің аты-жөнін жариялаған болатын. Олар:
Шәмші Ақберен Серғалиқызы – 139 ұпай;
Әбдіманап Абзал Бауыржанұлы – 138 ұпай;
Қуаныш Гүлнұр Ердіханқызы – 138 ұпай;
Бекжігіт Сымбат Амангелдіқызы – 138 ұпай;
Күлжанова Салтанат Асқарқызы – 138 ұпай.