Қазақстанның соңғы жаңалықтары

4 млн теңге айыппұл: Алматыдағы "барахолкада" көше саудасына бақылау күшейтіледі

Нұрқанат Атажан
24 Шілде 2025, 11:41
663
Бөлісу:
 Алматы қаласы әкімдігі
Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Солтүстік айналым тас жолының бойындағы халық арасында "барахолка" деп танылған базарлар маңындағы стихиялық сауда мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Ең көп рұқсатсыз сауда нүктелері Солтүстік айналым тас жолы мен Жұмабаев көшесінде анықталған.

Жетісу аудандық полиция өкілдерінің айтуынша, жыл басынан бері бұл фактілер бойынша 756 әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы 4 миллион теңге айыппұл салынған. Бұл бағытта рейдтік іс-шаралар жалғасып жатыр.

Сонымен қатар Солтүстік айналым тас жолының бойындағы базарларда өрт қауіпсіздігі мәселесі де көтерілді. Себебі 2022 жылдың қарашасынан бері бірнеше өрт оқиғасы тіркелген. Олардың себептері: қысқа тұйықталу, өрт сөндіру құралдарының болмауы, тіпті қасақана өрт қою да болуы мүмкін. 

ТЖД өкілдері нысан иелеріне тұрақты түрде ескерту қағаздары берілетінін, ал бұзушылықтар туралы материалдар сотқа жолданатынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы