4 басшы, 1 орындаушы: Мемлекеттік қызметтегі бассыздық

2 Ақпан 2024, 11:36
2188
Бөлісу:
4 басшы, 1 орындаушы: Мемлекеттік қызметтегі бассыздық
Фото: Ғазиз ШАКИРОВ - архив

Бұл мәселе Мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту мәселелері туралы баспасөз конференциясында көтерілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов мемқызметтегі басшылар санының шамадан артық екенін айтты.

Мемлекеттік органдарда басшылық лауазымдар санының қажетінен артық болуы жиі кездеседі. Ол басшылық құрамға жүктемені азайтады, басқармадағы тиімділік пен жеделдікті төмендетеді, жауапкершіліктің кімде екені нақты болмайды, қызметкерлерді ынталандыруға қаржылық мүмкіндіктерді қысқартады, - деді ол.

Мүксімов мысал ретінде Экология және табиғи ресурстар министрлігіндегі жағдайды алды.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің орталық аппаратының штат саны - 122. Оның 61-і басшылық қызмет болса, орындаушы қызметтің де саны – 61. Яғни басшылық пен орындаушы қызметтер бірге бір болып тұр. Бұл министрлік құрылымында жеке департамент бар, ондағы қызметкерлер саны төртке бір болып тұр. Яғни төрт басшы, бір орындаушы, - деді ол.

Яғни директор, оның орынбасары, екі басқарма басшысы сияқты басшылық құрамның бір ғана қызметкері – бас сарапшы.

Өзгелердің жаңалығы