4 қазанға арналған ауа райы болжамы

4 Қазан 2019, 07:53
2056
Бөлісу:
4 қазанға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның барлық аймағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерде тұман түсіп, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-дан хабарлады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Түркістан, күндіз Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Жамбыл облысының кей жерінде тұман түседі.

Алматы облысының жекелеген ауданында жел жылдамдығы секундына 17-22 метрге жетеді.

Жамбыл, Атырау, түнде және таңертең Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аймағында тұман түседі.

Қызылорда облысының кей жерінде түнде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді.

Түркістан облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығыс бөлігінде, Жамбыл облысының солтүстік-батыс бөлігінде, Қарағанды облысының батыс және оңтүстік бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады. 



Өзгелердің жаңалығы