4 қалада ауа сапасы нашарлайды

4 Сәуір 2020, 08:17
1639
Бөлісу:
4 қалада ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 4 сәуір, сенбі күні Қазақстанның 4 қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Шымкент, Балқаш, Теміртау, Қарағанды қалаларында жайсыз метеорологиялық ахуал қалыптасады. Қазақстанның басқа қалаларында метеожағдай қолайлы болады деп күтіледі.


Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы