"380 мыңға алдандым": Beeline қазақстандықтың шағымына жауап берді

30 Шілде 2024, 18:32
1425
Бөлісу:
"380 мыңға алдандым": Beeline қазақстандықтың шағымына жауап берді
Фото: BAQ.KZ

Beeline баспасөз қызметі "байланыс оператордың кесірінен 400 мың теңгеге жуық ақшамнан айырылдым" деген қазақстандыққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бәрі қалай басталды?

Қазақстандық Гүлнұр Ақан  Еуропаның бірнеше еліне саяхаттаған. Елден кетпес бұрын Beeline мобильді қосымшасынан 7 мың теңге тұратын роуминг қостырған. Ол тариф 1 айға жетеді деп ойлаған. Алайда тариф шетелге келгенде екі-ақ күнде бітіп қалған.

Кейін маған «жеңіл роумингті» қосыңыз дейтін хабарлама түсті. Оның ақысы 59 теңге екен. Жарайды деп оны да қостым. Мен simply картасын да пайданаламын. Ол картаға Beeline арқылы тіркеледі. Карта арқылы ақша салсақ, комиссия ұстамайды.

Кейін жеңіл роуминг күнде 59 теңге алғаннан бөлек, әр мегабайт пен гибайт үшін шамамен 70-80 мың теңгемді алып қойыпты. Мен тарифті мүлде қолданбадым, ешнәрсе қарамадым. Себебі, көбіне теңізде болдық. Тек қалаға келгенде хаттарға жауап беріп, видеолар жібердім. Осыдан соң өшіріп қойдым, - деді Гүлнұр Ақан.

Оның айтуынша, Beeline тарапынан алдын ала ескерту мен хабарлама келмеген. Қомақты қаржысынан айырылғанын тек байланыс операторының мобильді қосымшасын ашқанда ғана білген.

Байланыс операторының жауабы қандай?

Абоненттің роуминг қызметін қосып, оны пайдалануға қатысты түсінбеушілік пайда болғанын түсінеміз. 2024 жылдың 12 маусымында клиент роумингті пайдалану үшін «СуперВиза M» қызметін қосқан. 

Бұл қызмет шетелге ұзақ сапарға шығатындар үшін тиімді. Баратын еліңізге байланысты құны 5990 теңге тұратын «СуперВиза M» пакеті 30 күн бойы 3Гб дейін интернет-трафик ұсынады. Клиент осы пакетті таңдап, интернет-трафикті қолданған.

«СуперВиза М» пакетінде интернет-трафик біткен соң, клиент «СуперВиза М» қызметін ұзартпай, өз бетінше «Оңай роуминг +» қызметін қосқан. Бірақ мұнда интернет-трафиктің құны жоғары. Бұл қызмет бойынша тариф бір Мб трафик үшін 59 теңге және бұл тариф көп жағдайда қысқа мерзімді сапарларға арналған. «Оңай роуминг +» қызметін пайдалану нәтижесінде клиент мегабайтты үлкен көлемде тұтынады, - деді компания.

Билайн баспасөз қызметінің сөзінше, бұл үлкен шығындардың пайда болуына әкелген.

Одан кейін клиент «Оңай роуминг +» қызметін өшіріп, роумингті Базалық тарифпен пайдалана бастайды. Мұнда 200 Мб интернет-трафиктің құны 990 теңге. Нәтижесінде, клиент тағы да үлкен көлемде интернет-трафик тұтынып, ірі шығындарға батады.

Біз клиентке қатысты ақпаратты тағы бір тексеріп шықтық, клиенттің нөміріне қатысты қате төлемдер таба алмадық. Барлық төлемдер клиент таңдаған роуминг пакеттерінің шарттарына сәйкес жүзеге асырылған. Болған жағдайға байланысты және клиентімізге деген құрметіміз ретінде абонентімізге 3 ай бойы тегін мобильді интернет ұсындық, - деді байланыс оператор.

Өзгелердің жаңалығы