Қазақстандық Гүлнұр Ақан танымал байланыс операторының қызметін пайдаланып, қомақты қаржысынан қалай айырылғанын BAQ.KZ тілшісіне айтып берді.
Ол Еуропаның бірнеше еліне саяхаттаған. Елден кетпес бұрын Beeline мобильді қосымшасынан 7 мың теңге тұратын роуминг қостырған.
Гүлнұр Ақан тариф 1 айға жетеді деп ойлаған. Алайда тариф шетелге келгенде екі-ақ күнде бітіп қалған.
«Кейін маған «жеңіл роумингті» қосыңыз дейтін хабарлама түсті. Оның ақысы 59 теңге екен. Жарайды деп оны да қостым. Мен simply картасын да пайданаламын. Ол картаға Beeline арқылы тіркеледі. Карта арқылы ақша салсақ, комиссия ұстамайды.
Кейін жеңіл роуминг күнде 59 теңге алғаннан бөлек, әр мегабайт пен гибайт үшін шамамен 70-80 мың теңгемді алып қойыпты. Мен тарифті мүлде қолданбадым, ешнәрсе қарамадым. Себебі, көбіне теңізде болдық. Тек қалаға келгенде хаттарға жауап беріп, видеолар жібердім. Осыдан соң өшіріп қойдым, - деді Гүлнұр Ақан.
Оның айтуынша, Beeline тарапынан алдын ала ескерту мен хабарлама келмеген. Қомақты қаржысынан айырылғанын тек байланыс операторының мобильді қосымшасын ашқанда ғана білген.
Маған жіберілген хабарламалар (еск - мобильді қосымшадағы) жеке кабинетімде де көрінбеді. Осылайша, 4 күнде 50-60 мың теңгеден алынып отырған. Маған хабарлама түссе, тарифті өшіріп, үлгеремін ғой. Шетелден Қазақстанға келгенде компанияға өтініш жазып қалдырдым. Олар маған «Сізде бәрі дұрыс, тариф пайдаланылған» деді. Маған ақшаңызды қайтара алмаймыз деп деген жауап айтты, - деді ол.
Кейін Beeline байланыс операторы Гүлнұрға 3 айға дейін тегін роуминг қоса алатынын айтқан. Бірақ ол бұған келіспеген.
Майда-шүйдені қоспағанда 333 мың теңгемнен айырылдым. Бірақ барлығын есептесек, шығын 380 мың теңге болды. Компания қызметіне сенгенім қате болды. Алайда оператордың «роуминг 59 теңге» деп жарнама жасауы - алдау ғой?! Мұны мен алаятық деп ойлаймын. Өйткені, компания хабарламаға (көрсетілетін қызметтің) шарттарын жазбаған. Шетелде жұмыспен не сапармен жүрген адам жеке кабинетіне кіріп, әрбір гигбайтын тексермейді. Тек сырт елде емес, Қазақстанда да қарамаймыз. Маған кейбірі барған еліңіздің SIM картасын неге алмайсыз деп жатыр. Мен тек бір елде емес, бірнеше мемлекетте болдым ғой, - деді қазақстандық.
Осы мәселе бойынша Beeline баспасөз қызметіне хабарластық. Компания оқиғаның мән-жайын анықтап, сауалға ресми түрде жауап беретінін айтты.
Үш күннің ішінде жауап береміз. Қазір мамандар бұл деректі тексеріп жатыр, - деді компанияның баспасөз қызметі.