Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы басқа елдердің әріптестерімен ынтымақтастықты белсенді дамытуды және арттыруды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл үшін негізгі құқықтық база - қылмыстық-құқықтық саладағы екіжақты шарттар. Қазіргі уақытта 34 мемлекетпен 72 шарт жасалып отыр.
Қазақстанның көпжақты конвенцияларға қатысуы біздің әріптестеріміздің санын едәуір кеңейтеді.
Қазақстанның үш америкааралық конвенцияға қосылуы (қылмыстық істер бойынша ұстап беру туралы, құқықтық көмек туралы, шетелде қылмыстық жазасын өтеу туралы) Солтүстік және Оңтүстік Американың 27 елінен көмек сұрауға мүмкіндік береді. Халықаралық шарттарға қол қою мен ратификациялаудан прокурорлардың ұзақ жылдар бойы қажырлы еңбегін талап етті. Келіссөздердің өзі бірнеше рет кездесулер мен консультациялар өткізуді, даулы мәселелер бойынша ортақ шешімдер шығаруды және т.б. қамтиды. Мысалы, жуырда Вьетнаммен жасалған шарттардың толық пакетіне қол қоюды аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бұл жұмыс 6 жыл бұрын басталған. Қазір Вьетнаммен екі шартқа қол қойылды және ратификацияланды (қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек беру және беру туралы), - делінген Бас прокуратура таратқан хабарламада.
Ағымдағы жылдың сәуір айында қазақстандық прокурорлар вьетнамдық әріптестерімен Ханой қаласында кездесіп, сотталғандарды беру туралы шартқа қол қою туралы келісімге келді.
Біз Гонконгтағы әріптестерімізбен осындай жұмыстар жүргізілуде. Сәуір айының соңында Гонконг Әділет департаменті делегациясының екі ел арасындағы шарттардың жобаларын талқылау үшін Астанаға келуін күтеміз. Айта кету керек, шарттардың болмауы шет мемлекеттермен ынтымақтастықта кедергі келтірмейді. Шарттары жоқ елдермен құқықтық көмек мәселелері халықаралық құқықта қолданылатын өзара іс-қимыл қағидаты негізінде қаралады. Бұл ретте, біз өзара әрекетті қылмыс ретінде тану талабын басшылыққа аламыз, - делінген хабарламада.
Жақында Қазақстан прокурорлары Австрияның Федералды Әділет министрлігінің басшылығымен және Мальта Бас Прокурорының Кеңсесімен кездесу өткізді.
Біз олармен өзара қарым-қатынас қағидаты бойынша бір-бірімізге құқықтық көмек көрсетуге уағдаластық және электрондық форматта сұрау салулар алмасуды жолға қойдық. Дәл осындай келісімге Қазақстанның Бас прокуратурасы қызметкерлерінің Амстердам қаласына сапары барысында голландиялық әріптестерімен қол жеткізілді. Аталған әріптестертердің барлығымен қылмыстық-құқықтық салада екіжақты шарттар жасасу және қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы Еуропа Кеңесінің Конвенциясына кіру бойынша Қазақстанға жәрдем көрсету мәселелері пысықталды, - делінген хабарламада.
Қазақстан шетелдік әріптестермен халықаралық ынтымақтастық орнату бойынша белсенді жұмысты одан әрі жалғастыра береді.