"3,3 млн халық сақтандырылмаған". Ғиният әлеуметтік медициналық көмек жайында

26 Қыркүйек 2023, 11:16
671
Бөлісу:
"3,3 млн халық сақтандырылмаған". Ғиният әлеуметтік медициналық көмек жайында
Фото: primeminister.kz

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният үкімет отырысында халықтың медициналық көмекке қолжетімділігі жайлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек – денсаулық сақтау жүйесіндегі негізгі қызметтің бірі, оны еліміздің барлық халқын қамтитын 5617 объекті көрсетеді. Оның жұмысының негізгі принципі – отбасылық қызмет көрсету мен аумақтық қолжетімділікті қамтамасыз ету. Көмекті учаскелік дәрігер, үш орта медицина қызметкері, әлеуметтік қызметкер, психологтан тұратын учаскелік көпбейінді командалар көрсетеді, - деп мәлімдеді министр.

Ғинияттың айтуынша, осы саланың бірқатар өзекті мәселесі де бар. Оның сөзінше, алдымен, медициналық көмектің толық қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет. 

Бұл мәселелер бойынша халықтан түсетін шағымдардың ең көп саны Астана, Алматы қалаларына, Ақмола, Атырау облыстарына тиесілі екенін атап өткен жөн. Сонымен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде 3,3 млн халық сақтандырылмаған күйінде қалып отыр, ең көп саны Жетісу, Алматы, Жамбыл облыстарында және Шымкент қаласында байқалады. Екіншіден, медициналық кадрларға деген қажеттілік төмендегеніне қарамастан әлі де сақталып отыр. Бұл көрсеткіш Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарында басым, - деді ведомство басшысы.

Өзгелердің жаңалығы