Қазақстанның соңғы жаңалықтары

3200 гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды

16 Сәуір 2025, 21:28
694
Бөлісу:
 ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Батыс Қазақстан облысының прокурорлары пайдаланылмаған жерлерді мемлекет меншігіне қайтарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының мәліметінше, Сырым ауданының прокуратурасы пайдаланылмаған жер учаскелерін анықтау және қайтару бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде.

Ауданның жер пайдаланушылары Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, ұзақ уақыт бойы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбағаны анықталды. 

Қадағалау актілері бойынша жол берілген бұзушылықтарға байланысты кадастрлық құны 24 миллион теңгеден асатын жалпы ауданы 3200 гектардан астам жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды, олар қазіргі уақытта заңды экономикалық айналымға тартылуда, - делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы орган Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауы шеңберінде ауылдық жерде тұратын шынниеті бар тұрғындарға қайтарылған жерлерді пайдалануға беруге бағдарланған.

Өзгелердің жаңалығы