32 жастағы жетім Астанада үй кезегіне тұратын болды - сот

Бүгiн, 13:32
212
Бөлісу:
32 жастағы жетім Астанада үй кезегіне тұратын болды - сот
Фото: pixabay.com

Соттар мемлекеттік органға жетім баланы баспана кезегінде тұруға және уақытша баспанамен қамтамасыз етуге міндеттеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Жоғарғы Сотқа сілтеме жасап.

32 жастағы Астана тұрғыны 7 жастан бастап жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатта тәрбиеленіп, сонда тұрған.

Бүгінде оның Қазақстанда баспанасы жоқ, бірақ тұрақты жұмыс орны бар және елордада тіркелгеніне 7 жылдан асады.

2019 жылы қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы мен Астана әкімдігі оны kezekte.kz порталы арқылы өтініш толтыру қажеттігін алға тартып, тұрғын үй кезегіне қоюдан бас тартқан.

Бірақ бұл портал да жас өлшемдеріне сәйкес келмегендіктен оның құжаттарын қабылдамаған.

Жас жігіт коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға тіркеуге қоюды, тұрғын үйді кезегімен алғанға дейін уақытша жалға беруді қамтамасыз етуді талап етіп, басқарма мен қала әкімдігіне талап қоюмен сотқа жүгінген.

Астана МАӘС-ы және апелляция талап қоюды қанағаттандырған.

Жауапкерлер бұл шешімге кассациялық тәртіпте шағым түсірген.

Жоғарғы соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы (ӘІЖСА) іс материалдарын зерделей келе, талап қоюшы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждарды Астана қаласында – кемінде өзінің тұрақты тұрғылықты жері бойынша кемінде 3 жыл болғандықтан тіркеуге құқылы екенін көрсетті. 2016 жылдан бері ол Астана қаласында басқа адамның саяжайында тұрып жатыр және kezekte.kz порталының техникалық мүмкіндіктеріне байланысты заңды түрде тіркелу құқығын пайдалана алмайды, - делінген хабарламада.

Талап қоюшының 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап тіркеу мәселесі бойынша жауапкерге қайталап арыз бергені туралы уәждері қанағаттандырылды.

Жауапкер талап қоюшының уәждерін жоққа шығарған жоқ.

Осыған байланысты ӘІЖСА тұрғын үй басқармасы мен қалалық тұрғын үй инспекциясына талап қоюшыны "жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар" санаты бойынша 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар ретінде тіркеу міндетін жүктеген жергілікті соттармен келісті.

Өзгелердің жаңалығы