Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 31 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында қар жауады. Қазақстанның қалған аумақтарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың кей жерінде тұман, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының кей жерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі.
Маңғыстау облысының кей жерінде күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Ақмола, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтобе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман түседі. Түнде Алматы облысының солтүстігінде қатты аяз күтіледі.